Келісім шартқа қол қойылды

Келісім шартқа қол қойылды

29.01.2021 Off By Администрация сайта

«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, әр саланың кәсіподақтар филиалдарына 2021 жылы кәсіподақ ұйымдары ашылмаған кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан жаңадан кем дегенде 30 бастауыш кәсіподақ ұйымын ашайық! деген үндеуіне қолдау көрсетіп, «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тағы бір бастауыш кәсіподақ ұйымын ашты.
Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы кәсіподақ ұйымы ашылмаған мекемелердің ішінен «Ырыс-7» балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған мекемеде жұмыс жасайтын жалпы 15 адам кәсіподақ мүшелігіне қабылданған.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы сайланып, жиын барысында жұмыскерлердің еңбек қатынастарын реттейтін және олардың әлеуметтік мәселесіне қолдау көрсететін негізгі құжат, яғни 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт қабылданып, оған «Ырыс-7» балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Убайдуллаева Жамила Медетханқызы және кәсіподақ комитетінің төрайымы Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы қол қойған. Қол қойылған ұжымдық шарт Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясыбасқармасынан тіркеуден өткен.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарымсақова Ақтолқын Амангелдіқызы және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арасында келісім-шарт жасасып, оған қол қойды.
Төраға С.Әуесханов өз сөзінде: Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының биылғы жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыруға және оның абыройын көтеру бағытында жұмыс жасауға шақыра отырып, өз кезегінде филиал тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.