«Кәсіподақтың негізі – бастауыш ұйым» атты «Қызмет» салалық кәсіподақтың республикалық онлайн-конференциясы

«Кәсіподақтың негізі – бастауыш ұйым» атты «Қызмет» салалық кәсіподақтың республикалық онлайн-конференциясы

27.04.2021 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 27 сәуірде ҚР Кәсіподақ Федерациясы жариялаған «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» акциясына арналған Республикалық онлайн-конференциясы өтті.

Конференцияға 2019-2021 жылдары жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері, және облыстық, қалалық, аудандық филиалдардың төрағалары қатысты (барлығы 122 катысушы).

Конференцияны «Қызмет» Салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов кіріспе сөзімен ашып, конференция қатысушылары мен қонақтарын 28 сәуір – Әлемдік еңбекті қорғау күнімен құттықтады.

2020 жылдан бері коронавирустің пандемиясына байланысты кәсіподақ үшін ең басты міндет – қызметкерлердің денсаулығын сақтап қалу мен қатар қауыпсіздік еңбек жағдайын қамтамасыз ету болды. Карантиннің шектеулерін ескеріп, ұймдастыру жұмыстарын да жалғастырдық – 361 жаңа бастауыш ұйым құрылды, құрамында жаңа 11870 мұшесі бар (2019 жылды қосқанда). Қазір жалпы 88 869 мүшесі бар ірі кәсіподақпыз. Енді биыл кішігірім бастауыш ұйымдарға ерекше көңіл бөлу керек, деді Төраға.

Конференцияның ашылуында барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Бәкірұлы Тіникеев құттықтап, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.

«Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова кәсіподақ жастарымен жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметтері, жетістіктері, үлгі тәжірибелері және өзекті мәселелері жөнінде жарыс сөзге 17 адам жазылып, оның 7-уі сөз сөйледі. Ал, қалғандарының сөздерін жазбаша түрде енгізу ұсынылды.

Жарыссөзде сөйлеген:

Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төраймы С. Самарханова «Кәсіподақ комитетінің жүйелі және мақсатты бағытталған ақпараттық жұмысы – жетістіктің жемісі»,

Ақмола облысының Аршалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Т. Пристинская «Ұжымдық шарт – кәсіподақ ұйымы мен жұмыс беруші арасындағы байланысты нығайтады»,

Алматы облысының Панфилов ауданы кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Жазылбекова «Мемлекеттік қызметте кәсіподақ қозғалысының деңгейін көтеруге бағытталған аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыстары»,

«Жезқазған поселкелік әкімі аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Тікенов «Ұжымдағы көңіл-күй – кәсіподақ көшбасшысының ұтымды қызметіне байланысты»,

«Есіл су» РМК Солтүстік облысы филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Е.Чигодаева «Ұжымдық шарт – кәсіподақ мүшелерінің құқығын және көзқарасын қорғаудағы басты құралы»,

Түркістан облысы Мақтарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы                      Қ. Хаметов «Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақтардың негізі»,

  Қызылорда облысының «Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А. Шалбаева «Бастауыштағы жастар кәсіподақ қозғалысы мен «30 Еңбек Елшісі» жобасы аясындағы жұмыс» тақырыптарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетістіктері, үлгі тәжірибелері және өзекті мәселелері жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әрі қарай ҚРКФ-ның Оқу орталығы директорының орынбасары Ләззат Айдарханқызы Есжанова «Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын тәжірибе жүзінде қолдану» тақырыбында оқыту семинарын үргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.

Қорытындыда «Қызмет» Салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыпов қоғамдық жұмыстарында жақсы жетістіктері үшін кәсіподақ белсенділерін марапаттау туралы өкім қабылдағанын хабарлап, оны Төрағаның орынбасары Атақозы Келденұлы Нұрланов марапаттың атаулары мен марапат алушылардың тізімін жариялады.

Жиын соңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Бәкірұлы Тіникеев конференцияның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға және қатысушыларға алғысын білдірді.

«Қызмет» Салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов барша қатысушылар мен қонақтарға конференцияға белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Онлайн-конференцияға қатысушылар «Қызмет» Салалық кәсіподағының Орталық Кеңесіне кездесуді ұйымдастырғаны және кәсіподақ жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларын талқылау мүмкіндігі үшін алғыс айтып, конференция жемісті және іскерлік жағдайда өткенін атап өтті.

 «Қызмет» Салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі