Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), және мемлекеттік органдардың арасындағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу сұрақтары бойынша мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдарының қатысуымен тараптардың өзара әрекеттестігі формасында қамтамасыз етіледі:

– республикалық деңгейде –Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиямен;

– салалық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялармен.

– аумақтық деңгейде – әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялармен.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестермен негізге алынатын құжат 2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім болып табылады.