«Қызмет» Салалық кәсіподағының Төрағасын Жаңа Жылмен құттықтау!

«Қызмет» Салалық кәсіподағының Төрағасын Жаңа Жылмен құттықтау!

31.12.2020 Off By Администрация сайта

Құрметті әріптестер!

«Қызмет» Салалық кәсіподағы Орталық Кеңесінің атынан және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

2020 жылдың басынан бастап әлемдік пандемияға ұласқан короновирустық инфекция эпидемиясының таралуы және елдің барлық аймақтарында карантин енгізу тек ел үшін ғана емес, бүкіл кәсіподақ қозғалысы үшін үлкен сынақ болды.

Бұл жағдайда біздің басты міндеттеріміз кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және карантин жағдайында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау болды. Біз ұжымдардағы әлеуметтік шиеленісті азайту бойынша күш біріктіріп, кәсіподақтың әрбір мүшесіне қамқорлық көрсете отырып, өзіміздің тұтастығымызды көрсеттік.

ТЖ кезінде Сіздердің көпшілігіңіз өңірлік жедел штабтардың құрамына кірдіңіз, ал кәсіби ұйымдар жалпы республикалық іс-шаралар мен короновирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі акцияларға белсенді қатысты. Біздің белсенділеріміз бен еріктілеріміз кәсіподақ мүшелеріне нақты материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіп, бетперде тігу және тарату, қорғаныс костюмдерін сатып алу, блокпосттар  қызметкерлері үшін ыстық тамақ, ардагерлер мен халықтың аз қамтылған топтарына азық-түлік себеттерін және т.б. ұйымдастырды. Жалпы, «Қызмет» кәсіподағы жалпы сомасы        6,7 млн. теңгеге көмек көрсетті.

Елімізде карантин енгізілуіне байланысты біз 2020 жылғы 27 мамырда алғаш рет қашықтық режимінде кезекті XI Съезді өткіздік. Съезді өткізу алдында кәсіподақ мүшелерінің белсенділігі жоғары деңгейде өңірлердегі есеп беру-сайлау науқаны жүргізілді, оның барысында барлық облыстық, қалалық филиалдардың, кәсіподақ және аудандық ұйымдардың, жергілікті, аумақтық және өңірлік кәсіподақтардың жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.

Салалық кәсіподақтың Жарғысына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыруға және қолдауға, өңірлік бірлестіктердегі жекелеген құрылымдарды оңтайландыруға, ескірген ережелерді қазіргі заманғы үрдістерге, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Және енді біз «Қызмет» кәсіподағы деп қысқа атанамыз. Алдағы 5 жылға кәсіподақтың іс-қимыл бағдарламасы мен даму жоспары белгіленген.

Мені Салалық кәсіподақтың төрағасы етіп бірауыздан сайлағаныңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін! Және бұл ретте біз бірінші болып С.Т. Дәулеталиннің кандидатурасын ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы лауазымына ҚРКФ XXVI съезі сайлауына ұсындық.

«Қызмет» Салалық кәсіподағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-ші республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсына қатысты. Жеңімпаздарға атаулы сыйлықтар тапсырдық.

Біз өткізген «Кәсіподақ маған не берді?» Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге және ҚРКФ құрылғанына 30 жыл толуына орай эссе конкурсының жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

2021 жылы біз әлеуметтік серіктестік саласындағы жұмысты жақсарту, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сенімді қорғау, біздің қатарымыздың өсуі мен нығаюы, кәсіподақтың әрбір мүшесіне, оның отбасы мен ардагерлерге нақты қамқорлық жасау жөніндегі жаңа міндеттерді атқаруымыз керек.

Құрметті достар! Мереке қарсаңында Жаңа жылда Сіздерге биік мақсаттарға, тамаша көңіл-күй, махаббат пен қуаныш, зор денсаулық, отбасыларыңа амандық пен бақыт тілеймін! Біздің Отанымыз гүлдене берсін!

Ізгі ниетпен,

«Қызмет» Салалық кәсіподағының Төрағасы                                                                                                   

Мирболат Жақыпов