Қазақстан Кәсіподақтары күнімен!

Қазақстан Кәсіподақтары күнімен!

10.10.2020 Off By Администрация сайта

Құрметті әріптестер!

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Орталық Кеңесінің атынан және жеке өз атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Кәсіподақтары күнімен, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге белсенді өмір позициясыңыз, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі табысты қызметіңіз, әділеттілік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген біздің кәсіподақ дәстүрлерімізді нығайтудыдағы қызметіңіз үшін өзімнің алғысымды білдіремін!

Мерекелеріңізбен, құрметті достар! Сіздердің әрқайсыңызға денсаулық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Сіздердің еңбегіңіз әрқашан бағаланып, ал сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз Еліміздің игілігіне қызмет етсін!

Ізгі ниетпен,

Мемлекеттік, банк мекемелері жәнеқоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Төрағасы«Қызмет»                                                                              

Мирболат Жақыпов