«Мектепке жол» — болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған мереке!

«Мектепке жол» — болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған мереке!

01.09.2026 Off By Администрация сайта

Оқушылар сарайында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған «Мектепке жол» атты игі әрі жарқын акция өтті. Аталған шара биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын кәсіподақ мүшелерінің балаларына арналды.

Іс-шараны «Қызмет» кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Темірғали Текебасұлы Әбілмәжінов ашып, бүлдіршіндерді өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтады. Ол болашақ бірінші сынып оқушыларына оқуда табыс, қызықты жаңалықтар ашу, жақсы достар және көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Балалар үшін нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлайтын бағдарлама ұйымдастырылды. Көңілді ойындар, түрлі байқаулар мен қызықты ойын-сауықтар балаларға ерекше қуаныш сыйлады.

Арнайы шақырылған аниматорлар мерекенің көңілді әрі жылы атмосферасын қалыптастырып, бүлдіршіндерге көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер сыйлады.
Мереке соңында Темірғали Текебасұлы болашақ бірінші сынып оқушыларына жаңа оқу жылына арналған сыйлықтарды өзі табыстады. Балаларға мектеп сөмкелері, қажетті оқу құралдары және тәтті сыйлықтар берілді.


Жаңа кезең әр бала үшін білім әлеміне бастар қызықты саяхаттың бастауы болсын! Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп өміріндегі алғашқы қадамдарын нық басып, білімді қуана игеріп, күн сайын жаңа дүниелерді ашып, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!