Акция аясында қайырымдылық көмек берілді!
01.09.2026Жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы Шымкент қаласының «Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 көпбалалы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының мектеп жасындағы балаларына оқу құралдарын алуға қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, мекеменің кәсіподақ мүшелері Ж.Омаровқа, Ә.Әлібекке және А.Шымшықбаеваға арнайы табысталды.

Мекеменің басшысы О.Боранбаев қайырымдылық көмекті ұйымдастыруға мұрындық болған «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атына шынайы алғысын білдірді.
Бұл кәсіподақ филиалының бүлдіршіндерге көрсеткен қолдауы, олардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына үлес қосуға бағытталған игі іс-шарасының бірі болды.
Жаңа оқу жылы барша оқушыға сәттілік, жақсы жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін!

