Балаларға қуаныш сыйлаған күн!

Балаларға қуаныш сыйлаған күн!

01.09.2026 Off By Администрация сайта

«Мектепке жол» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан мекеменің басшысының уақытша міндетін атқарушы Н.М.Кенжебеков бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына арналған 150 мектеп сөмкелер мен кеңсе тауарлары салынған сыйлықтар табыстады.


Сондай-ақ, мекемедегі жұмысшылардың саны артуына байланысты филиалдың есебінен қосымша қаржылай қайырымдылық көмегі берілді.


Әр баланың жүзіндегі қуаныш – біз үшін үлкен бақыт!
Балаларымыздың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастап, білімге деген құштарлығы арта берсін!

Әр қадамы нық, болашағы жарқын болсын!
Балаларға жасалған әрбір жақсылық – жарқын болашаққа салынған инвестиция.