Ақмола облыстық кәсіподақ филиалының төрағасы Статистика департаментінің ұжымымен кездесті
21.08.2026«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Қызмет»» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Қ. Құлышев Статистика департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымымен кездесті.Кездесуге Департамент басшысы Ергалиев Расул Жабалұлы қатынасты. Кездесу барысында кадрлар бөлімінің басшысы Шалғынбаева Ләззат Жұмабекқызының зейнеткерлікке шығуына арналған іс-шара өтті. Ләззат Жұмабекқызы мемлекеттік статистика жүйесінде 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп, өз саласына елеулі үлес қосты.

Ақмола облыстық кәсіподақ филиалының атынан Ләззат Жұмабекқызына көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Алғыс хат табысталды.
Ләззат Жұмабекқызы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып бірнеше рет сайланып, еңбек ұжымындағы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсенді атсалысты.
Ләззат Жұмабекқызына зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке және зейнеткерлік өмірінің қуанышты да бақытты сәттерге толы болуын тілейміз!

