«Мектепке жол»: оқу жылын жақсы бастауға бірге қадам басайық

«Мектепке жол»: оқу жылын жақсы бастауға бірге қадам басайық

24.08.2026 Off By Администрация сайта

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы игі әрі маңызды «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына тағы да өз үлесін қосты.

Кәсіподақ үшін ұйым мүшелерінің балаларына қамқорлық көрсету — жай ғана игі дәстүр емес, отбасыларды әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыты. Акция аясында Қостанай облыстық филиалының төрайымы Донбаева Гүлнара Далибайқызы кәсіподақ мүшелерінің 75 баласына мектеп жиынтықтарын табыстады. Бұл — балалардың 1 қыркүйекті қуанышпен әрі сеніммен қарсы алуына қажетті оқу құралдарының жиынтығы.

Бірінші сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндер ата-аналарымен және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен бірге Кәсіподақтар үйіне келді. Мұнда кәсіподақ қозғалысының белсенділері балаларды қошеметпен қарсы алып, ізгі тілектерін білдіріп, өмірлеріндегі жаңа кезеңге арналған сыйлықтарын табыстады. Білім жолындағы алғашқы қадамдары кәсіподақтың мектепке қажетті құралдарынан басталды!

Облыстық филиалдың бастамасын аудандық және қалалық филиалдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ дербес бастауыш кәсіподақ ұйымдары да қолдағаны ерекше қуантады. Кәсіподақ белсенділері де шет қалмай, балаларды жаңа оқу жылына дайындауға өз үлестерін қосты. Балаларға мектеп формасы мен аяқ киім, сөмкелер, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті оқу құралдары сатып алынды.

Осындай әрбір сатып алу — отбасыға деген ықылас, қамқорлық пен қолдаудың көрінісі. Әрбір мектеп формасының, жаңа сөмкенің немесе кеңсе тауарлары жиынтығының артында қарапайым адамдық ниет жатыр — балаға оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға көмектесу және оның жанында өзіне бейжай қарамайтын жандар бар екенін сезіндіру.

«Мектепке жол» акциясы кәсіподақ күшінің бірлікте, өзара көмек пен жанашырлықта екенін тағы бір мәрте көрсетті. Облыстық филиал, аудандық және қалалық ұйымдар, дербес бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ белсенділері біріккен кезде игі істердің де ауқымы арта түседі.

Әрбір бала үшін жаңа оқу жылы білімге, жаңа жетістіктерге, достыққа және үлкен армандарға бастайтын жарқын жол болсын!

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалы «Мектепке жол» акциясына қатысып, балаларға қолдау көрсетуге атсалысқан барша жанға алғысын білдіреді!