Еңбек адамы: Рыбак отбасының   еңбек династиясы!

Еңбек адамы: Рыбак отбасының еңбек династиясы!

18.08.2026 Off By Администрация сайта

Бүкіл кәсіподақтық «Күшті кәсіподақтар – еңбек адамының мықты дауысы» атты бірыңғай төрт айлық акция аясында кәсібіне деген құрмет, жауапкершілік пен өз ісіне адалдық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан еңбек адамдары мен отбасылық әулеттер туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

Осындай отбасылардың бірі Федоров ауданында тұрады. РЫБАК отбасының еңбек династиясы мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген үш ұрпақты біріктіреді. Олар үшін жұмыс – жай ғана кәсіп емес, өмірлік жолға айналған сүйікті іс.

Династияның негізін қалаушы – Мендибике Жақанқызы Рыбак. Ол көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті: Федоров аудандық аумақтық инспекциясында бас маман – тұқым инспекторы, кейін Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде тұқым шаруашылығы жөніндегі бас маман қызметтерін атқарды.

Оның жұмысқа деген жауапкершілігі, адамдарға құрметі мен өз ісіне деген адалдығы қызы Татьяна Владимировна Рыбакқа үлгі болды. Ол отбасылық мемлекеттік қызмет дәстүрін жалғастырып, 2017 жылдан бері Федоров ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы болып жұмыс істейді.

Бүгінде Мендибике Жақанқызының немересі – Яна Евгеньевна Фокша еңбек эстафетасын қабылдап отыр. Ол Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы. Династияның үшінші буынының өкілі ретінде ол отбасының кәсіби дәстүрін жалғастырып, таңдаған саласында дамуға және адамдарға пайдасын тигізуге ұмтылуда.

Осылайша, әжеден қызға, одан немереге кәсіби бағдарлармен қатар, адалдық, жауапкершілік, еңбекке және адамдарға деген құрмет сияқты маңызды өмірлік қағидаттар да беріліп келеді.

Отбасының өмірінде кәсіподақ қызметінің де орны ерекше. Династия өкілдері үш ұрпақ бойы кәсіподақ өміріне белсенді араласып, қоғамдық бастамаларды, мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шараларын қолдап келеді. Олар үшін кәсіподақ – өзара көмек, ынтымақтастық және әріптестермен бірге болу мүмкіндігі.

Отбасында тәжірибені жастарға беруге де үлкен мән беріледі. Аға буын өз білімдерімен бөлісіп, жас мамандарға қолдау көрсетеді. Өздерінің өнегесі арқылы кәсібиліктің тек білім мен еңбек өтіліне ғана емес, адамның өз ісіне деген көзқарасына да байланысты қалыптасатынын көрсетеді.

Отбасының еңбек дәстүрі келесі ұрпақта да жалғасып келеді. 2006 жылы туған кіші ұлы Қостанай автомобиль колледжін «Цифрлық техника» мамандығы бойынша тәмамдап, бүгінде алған кәсібі бойынша еңбек етіп жүр.

Рыбактар отбасының еңбек династиясы – еңбекке деген құрмет, адамдар алдындағы жауапкершілік және аға буынның ісін лайықты жалғастыруға деген ұмтылыспен біріккен үш ұрпақтың тарихы. Мұнда әженің жинақтаған тәжірибесі қызы мен немересіне бағыт-бағдар болып, отбасылық және кәсіподақтық құндылықтар сақталып, кейінгі ұрпаққа берілуде.

Осындай мысалдардан ұрпақтар сабақтастығының жай ғана мамандықты жалғастыру емес, отбасында қалыптасып, ұзақ жылдар бойы сақталатын еңбекке деген дұрыс көзқарас екенін анық көруге болады.