Жастар – елдің болашағы, кәсіподақтың тірегі!
13.08.202612 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынды ашқан филиал басшысы Мухтарита Сағындықова жас белсенділерді айтулы мерекемен құттықтап, олардың кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ерен еңбегі мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіне шынайы ризашылығын білдірді.Отырысқа қатысқан Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ә. Туралиев пен жас басшы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Ә. Мағауия жастарға жылы лебіздерін білдіріп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Отырыс барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының «ЖАСТАР. КӨШБАСШЫЛЫҚ. ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК» атты 2026-2030 жылдарға арналған жаңа стратегиясы таныстырылды. Бұл құжат алдағы уақытта жас мамандардың құқықтарын қорғау мен олардың әлеуетін арттырудың басты тетігі болмақ.

Шара соңында кәсіподақ идеяларын насихаттауға үлес қосып жүрген бірқатар белсенді жастар Ақтөбе облысы жастар саясаты басқармасының және облыстық филиалдың арнайы марапаттарына ие болды.
Жас көшбасшыларымызды марапаттарымен құттықтаймыз!

Еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!


