Жастар және еңбек болашағы!

Жастар және еңбек болашағы!

10.08.2026 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қуатты кәсіподақ – еңбек адамының қуатты үні» атты Бірыңғай жалпыкәсіподақтық науқаны аясындағы «Жас маман және кәсіподақ» айдарының кейіпкері – Түркістан облысы Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Құралбаев Айтжан Оңалбекұлы.

Жас маман өзінің қызметінде жауапкершілік пен еңбекқорлықты басты ұстаным етіп, әріптестерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, ұжымдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға үлес қосып келеді.

Айтжан Оңалбекұлының пікірінше, еңбек адамының абыройы – оның еңбегіне көрсетілген құрметпен өлшенсе, еңбек болашағы – жастарға берілген мүмкіндік пен қолдаудан басталады.

Себебі бүгінгі жас маман – ертеңгі білікті маман, елдің еңбек әлеуетінің негізі. Ал оның жанынан табылып, еңбек құқығы мен мүддесін қорғауға ықпал ететін сенімді тірегі!