«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы мазмұнды кездесу!
30.06.2026Акция аясында Атырау облыстық филиалының төрағасы Гүлмира Шәкірова Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және заңгерлік кеңестер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, кейбір заңдарға өзгерістер енгізу туралы айтылды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлерге қалалық бөлім ұжымының әлеуметтік тұрақтылығын сақтаудағы қажырлы еңбегі, кәсіподақ қозғалысына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттар табысталды. Әлеуметтік салада 20 жылдан астам жұмыс істеген Карчегенова Айнаш, Атчибаева Гүлмира және Балмұханова Кенжебике мерейтойымен құттықтап, филиал атынан сыйлық табыс етті.



