«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы Ақтөбеде жалғасуда!

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы Ақтөбеде жалғасуда!

30.06.2026 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы жалғасуда «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мухтарита Сағындықова «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.

Кездесу барысында мекеме ұжымымен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, ұжымдық шарттың орындалуы, әлеуметтік қолдау шаралары, еңбек қауіпсіздігі мәселелері және кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру бағыттары талқыланды. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы және кәсіподақ қызметіне қатысты түсіндірме-консультациялық көмек көрсетілді.
Кездесу аясында дағдарыс орталығының басшылығымен және ұжым мүшелерімен әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту, қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері де талқыланды.


Облыстық филиал төрайымы Мухтарита Мұқанбетқалиқызы ұжым қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты көмек көрсету бағытындағы жауапты еңбектеріне алғысын білдірді.
Айта кету керек, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының негізгі мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тыныс-тіршілігімен танысу, кәсіподақ мүшелерімен тікелей кездесулер өткізу, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және әдістемелік-құқықтық қолдау көрсету болып табылады.