23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні: Мақтааралда спорт мерекесі өтті
24.06.2026Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімі аппараты, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Мақтаарал аудандық комитеті және Мақтаарал аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында атап айтқанда, Асық ату, Садақ ату, Шахмат, Үстел тенисі, Гір көтеру спорт түрлерінен Спартакиада өтті.


Спартакиада өткізу мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану, достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау болды.




