Еңбегімен елге сыйлы

Еңбегімен елге сыйлы

24.06.2026 Off By Администрация сайта

Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені анық.  Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлейді.

Туған өлкесін қадірлеп, оның өсіп өркендеуіне өзінің қажырлы еңбегімен, табандылығымен ауылдастарының, әріптестерінің, елдің құрметіне ие болған «Қызмет» салалық кәсіподағының  белсенді мүшесі,  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Абдуллаев Әлібек Асанбайұлы.

Ә.Абдуллаев 1977 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында  дүниеге келген, білімі жоғары.  Алғашқы еңбек жолын  1998 жылы «Маханбет» шаруа қожалығына жұмысшы болып бастаған, 1999 жылы «Қаратау» ЖШС-нің есепшісі, 2000-2013 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы бойынша салық басқармасында бас маман,  аудит бөлімінің  бас салық инспекторы, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бастап Бесарық ауылдық округінің әкімі, 2021 жылдан Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Әлібек Асанбайұлының мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жыл болса, оның ішінде Жаманбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратындағы еңбек өтілі 13 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында ауылдың әлеуметтік-рухани дамуына атсалысып, абырой-беделін арттыруға, елді мекеннің көркейіп дамуына өз үлесін қосып келеді.

          Сонымен қатар Әлібек Асанбайұлы қоғамдық өмірге белсене қатысып, кәсіподақ қозғалысының дамуына, бірлігінің нығаюына да қосқан үлесі үшін 2025 жылы ҚР Кәсіподақ Федерациясының алғыс хатымен марапатталса, 2026 жылдың 23 маусым күні «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты аудан әкімі аппаратының басшысы Рүстем Ибрагим табыстады.

Марапатыңыз құтты болсын! Ел игілігі үшін атқарар еңбегіңіз жемісті де берекелі болсын!