Туризм басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті
23.06.2026«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгісімен Қонысбаева Перизат Тайбекқызы;
- «Құрмет грамотасымен» Мехитбаев Нұржігіт Кәрімбердыұлы, Тазабек Еркін Қайратұлы;
- «Алғыс хатпен» Сайрамбай Нәзік Ақылбекқызы, Патшахан Әлбина Батуханқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

