ҚР Мемлекеттік қызметші күніне орай Түркістан облысы әкімдігі аппаратының қызметкерлері марапатталды
24.06.2026Түркістан облысы әкім аппаратының 23 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай өз міндеттерін абыроймен атқарып жүрген және кәсіподақ қозғалысына үлес қосып жүрген үздік қызметкерлер марапатталды.

Салтанатты іс-шараға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы К.А.Есебаева қатысып, мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» Салалық кәсіподағының төрағаысы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың атынан «КӘСІПОДАҚ ҚАЙРАТКЕРІ» медалімен облыс әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаысы Шарипов Нұралхан Ирсынбетұлына, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісімен Ералиев Бақыт Жолдасбекұлы, Бекеева Ләззат Ибадуллақызына марапаттады.

Бірқатар кәсіподақ мүшелері облыстық филиалдың “Еңбек озаты” төс белгісімен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет. Халықтың сенімі – ең жоғары марапат. Елдің алғысы – ең үлкен құрмет. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! – деді Күлдар Есебаева.

