Сарыағаш ауданында кәсіподақ қолдауымен үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды
24.06.202623 маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай өз қызметтерін кәсіби біліктілікпен атқарып жүрген және кәсіподақ қозғалысын қолдап жүрген Түркістан облысы Сарыағаш ауданының үздік мемлекеттік қызметкерлері марапатталды.

Салтанатты іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы қатысып, мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Сарыағаш аудандық комитеттің төраға орынбасары Көбжасаров Рысқұлбек Орынбекұлы қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстық кәсіподақ ұйымының «Еңбек озаты» төс белгісімен, Құрмет Грамоталар, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Мерекелік іс шара концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік көңіл – күй сыйлады.

