Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

24.06.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мүшелік ұйымдардағы белсенді мемлекеттік қызметкерлерінің басын қосқан жиын өтіп, оларға лайықты құрмет көрсетілді.

Жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салтанатты жиын қатысушыларын «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, кәсіподақтар қозғалысына қосқан зор үлестері үшін филиал наградаларымен және қалалық маслихаттың «Алғыс хатымен» марапатталды.


Атап айтқанда:

  • Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» Альдикова Ракшона Махкамқызы;
  • Филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерімен Ешимбетова Гүлмира Оразбекқызы, Олжабай Бекасыл Сәкенұлы, Рамазанова Ляззат Ахметжанқызы, Өтеулі Бағлан Сансызбайұлы;
  • Филиалдың «Құрмет грамотасымен» Қожақ Дастан Әкімұлы;
  • Филиалдың «Алғыс хатымен» Әбдіқалықова Тәжіхан Абдықұлқызы марапатталды.
    Марапаттарыңыз құтты болсын!