Мемлекеттік қызметшілер күні лайықты атап өтілді
24.06.2026«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымдары – Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Шымкент қаласы әкімінің аппараты қызметкерлерінің қатысуымен «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесі лайықты атап өтілді.
Бас қосқан жиында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы оларды «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, үздік қызметкерлерге кәсіподақ филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:
- «Еңбек озаты» төсбелгілерімен Мейрманов Олжас Пернебекұлы, Журкабаева Айман Есімханқызы;
- «Құрмет грамотасымен» Байсалов Бахытбек Шорабайұлы, Бектұрғанова Гүлімхан Сейлханқызы;
- «Алғыс хатпен» Жәнібеков Ерасыл Бақытбекұлы, Тажиева Меруерт Алиякбарқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

