Шымкент қаласында Қаратау ауданы жұмыскерлерімен кездесу өтті
23.06.2026«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлеріне Шымкент қаласын таза ұстаудағы, көгалдандырудағы және қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастырудағы қосқан зор үлестері үшін, шынайы алғысын білдіріп, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгілерін табыстап, олардың қатарындағы Балтеңге Өтегенқызы Мұхаммедованы, Хамза Асанұлы Әбішевті, Азамат Рахматуллаұлы Әшімді, Алтынай Төреханқызы Мұратбекованы, Әбдиғаппар Тастамбекұлы Сатымбаевты, Ғалымжан Бейсенбайұлы Егізековті, Гүлжахан Зұлпынбекқызы Тлеуқұлованы, Гүлжан Жолбарысқызы Хманды, Несіпбек Тұрсынұлы Жанқожаевты, Асылан Нұралыұлы Әлібекті, Сымбат Жантөреқызы Қабылбекті марапаттады.
Сондай-ақ, қала, аудан әкімдерінің және мекеме басшысының аттарынан «Алғыс хаттар» табысталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

