Цифрландыру басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті

Цифрландыру басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті

23.06.2026 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы ұжым қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен Жанаева Жанат Табынбайқызы;
  • «Құрмет грамотасымен» Ұлықбек Ернар Қайратұлы;
  • «Алғыс хатпен» Садық Әділет Нұрғисаұлы марапатталды.
    Марапаттарыңыз құтты болсын!