23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті
23.06.20262026 жылдың 22 маусым күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С. Сүлеймен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер шақырылды.
Мемлекеттік қызметшілерді Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев, Департамент басшысы М. Байсалов, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С. Сүлеймен құттықтап, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың I-орын иегері Бөрлі ауданы әкімі аппаратының командасын, II-орын иегері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының командасын, III-орын иегері Казталов ауданы әкімі аппаратының командасын марапаттады.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс аумағындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдардың белсенді 74 кәсіподақ мүшесі «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметінің үздігі», «Өз ісінің маманы» медалімен, Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен, «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.




