Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерімен кездесу өтті
23.06.2026«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне барып, департаменттің басшысы Жеңіс Тіллабайұлы Мақұлбаевтың және кәсіподақ комитетінің төрайымы Ұлбике Бақтыбекқызы Рүстемованың қатысуымен кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында кездесіп, олардың қалжағдайларымен танысты.

Жиын барысында департамент басшысы Жеңіс Тіллабайұлы және салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Елемесұлы жиынға қатысқан қызметкерлерді «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен құттықтап, мекеменің қызметкерлері мен белсенді кәсіподақ мүшелеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты» Ұлбике Бақтыбекқызы Рүстемоваға, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісі Әлжан Өмірбекұлы Мамадалиевке, «Құрмет грамоталары» Арайлым Әмірқызы Шералыға, Айгерім Өтебаеваға, Найля Тұрланқызы Оразғалиеваға және «Алғыс хаттары» Ақтөре Орынбасарұлы Айтуғановқа, Кемеңгер Асантайұлы Алимовке табысталды.
Жиын соңында ұжым басшысы Жеңіс Мақұлбаев «Қызмет» салалық кәсіподағының атына

