Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

04.06.2026 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының мүшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. Бұл маңызды мереке әрбір азаматқа ұлттық құндылықтардың маңызын, халық бірлігін және тәуелсіз мемлекеттің тарихына деген құрметті еске салады.

Салалық кәсіподақтың белсенділері отбасы мүшелерімен және өскелең ұрпақ өкілдерімен бірге мерекелік шараларға қатысып, еліміздің басты нышандары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына деген құрметтерін білдірді.

Салтанатты жиын барысында Отанымызға бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеген құттықтаулар мен жылы лебіздер айтылды. Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздіктің, ұлттық бірліктің айқын көрінісі. Олар азаматтарды жасампаз еңбекке, елге адал қызмет етуге жігерлендіреді.

Қазақстанның бейбіт аспаны астында бірлік пен татулық, отансүйгіштік рухы нығая берсін. Мемлекеттік рәміздер еліміздің барлық тұрғындарын ортақ құндылықтар мен жарқын болашаққа деген ұмтылыс жолында біріктіре берсін.