Самар ауданындағы кездесу
04.06.2026 «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Т. Түсүпбеков пен
«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д. Тілеубаев Самар ауданына іссапармен барды.

Іссапар барысында облыстық кәсіподақ белсенділері Самар аудандық әкімшілік үйінде аудандық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті, жиынға қатысушылар республикалық, облыстық деңгейдегі кәсіподақтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы құнды ақпарат алды.

Кездесу соңында аудандық мәслихат төрайымы Г. Шаймарданова аудандық кәсіподақ мүшелерінің атынан облыстық кәсіподақ бірлестіктерінің төрағаларына алғысын айтты.

