Күршім ауданындағы кездесу
05.06.2026«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Т. Түсүпбеков пен «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д. Тілеубаев Күршім ауданының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен кездесті.


Кездесуді аудан әкімі Мейржан Альбеков жүргізді. Кәсіподақ белсенділері елімізде болып жатқан саяси өзгерістер мен кәсіподақтардың атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында аудандық кәсіподақ мүшелері облыстық кәсіподақ бірлестіктерінің төрағаларына өздерінің сұрақтарын қойып, оған оң жауаптарын алды. Кездесу екі жаққа тиімді жағдайда өтті.


