Жеңіс күні: Ерлікке тағзым, батырларға құрмет!

Жеңіс күні: Ерлікке тағзым, батырларға құрмет!

12.05.2026 Off By Администрация сайта

Жеңіс күні мерекесіне орай Қостанай облыстық «Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының мүшелері облыс орталығының, аудандардың, қалалар мен ауылдық округтердің көшелерінде және Жеңіс саябақтарында өткен еске алу шараларына қатысты.

Кәсіподақ өкілдері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды және Жеңіс сарбаздарына шынайы алғыстарын білдірді. Профсоюз мүшелері өздерінің қатысуы арқылы бейбіт өмір мен еркіндік сыйлаған батырлардың ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етті.

Бұл күн — тарихи жадымызды сақтау, ардагерлердің ерлігін құрметтеу және бейбіт аспан үшін алғыс білдірудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.