Халықаралық мейірбикелер күні: жан жылуын сыйлайтын жандарға құрмет!

Халықаралық мейірбикелер күні: жан жылуын сыйлайтын жандарға құрмет!

12.05.2026 Off By Администрация сайта

12 мамыр – бүкіл әлемде Халықаралық мейірбикелер күні аталып өтіледі. Бұл – кәсіби шеберлікпен қатар мейірім мен төзімділікті, үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы мамандық иелерінің мерекесі.

Осыған орай барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, адам денсаулығы мен өміріне жанашырлықпен қызмет етіп жүрген мейірбикелер мен сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілуде.

Салалық кәсіподақ Алматы филиалының төрайымы Данагүл Айнақұлова «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өткен мерекелік шараға қатысты.

Іс-шара барысында медициналық қызметкерлер мен әлеуметтік сала мамандарының ерен еңбегі аталып өтіп, олардың күнделікті қызметіндегі кәсібилігіне, жанашырлығы мен жауапкершілігіне ерекше алғыс білдірілді.

Данагүл Айнақұлова кәсіподақ атынан сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мейірбикелердің қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік жүйені дамытудағы маңызды үлесін ерекше атап өтті.

Мерекелік шара аясында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

«Қызмет» кәсіподағы барлық мейірбикелерге адам денсаулығы жолындағы тынымсыз еңбегі, мейірімі мен өз ісіне деген адалдығы үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Сіздердің еңбектеріңіз – қамқорлық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.