«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының «Мерейлі сәт» жобасы жалғасуда!
15.01.2026«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының «Мерейлі сәт» жобасы жалғасуда. Жоба аясындағы бүгінгі кейіпкеріміз Мырзағұлова Айжан Хизенқызы.
Айжан Хизенқызы 1964 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жарық совхозында дүниеге келген. Осынау еңбек жолында 1984-1998 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласында қызмет атқарса, 1998-2004 жылдар аралығында білім беру жүйесінде де жемісті еңбек еткен.

2004 жылдан бері облыс әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор қызметтерін атқарып, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға, халықтың әлеуметтік осал топ өкілдерінің мәселелерін шешуге елеулі үлес қосқан тұлға.
Жуырда Ақтөбе облысы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен Айжан Мырзағұлованы құрметті зейнеткерлікке шығарып салды.

Салтанатты іс-шара барысында облыс әкімі аппаратының басшысы Досхан Әмір, Айжан Хизенқызын өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Шараға қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жомарт Нұршекенов, филиал төрағасының құттықтау лебіздерін жеткізіп, құрметке лайық беделді кәсіподақ мүшесіне, кейінгі буын өз әріптестері алдында облыстық филиалдың «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Айжан Хизенқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілей отырып, жылдар бойы жинаған тәжірибесімен әлі де болса кейінгі буынмен бөлісіп, өңіріміздің дамуына үлесін қоса бермек деген ниетте.

