Кәсіподақтарға  сенім  артуда!

Кәсіподақтарға сенім артуда!

15.01.2026 Off By Администрация сайта

Түркістан облысы Шардара ауданында «Шардара аудандық армспорт клубы» мемлекеттік мекемесінде қызметкерлердің жалпы жиналысы өтті. Жиналысқа «Қызмет» Салалық кәсіподағының кеңес мүшесі «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының аудандық комитетінің төрайымы Биманова Бақыткул Құрмантайқызы арнайы қатысып кәсіподақтың қызметі туралы, ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда, ұжымдық шарттың қажеттілігі және оның жауапкершілігі туралы, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін жағдайлар жасауға, әлеуметтік әріптестікті дамытуда кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді. Қазіргі уақыттағы «Қызмет» Салалық кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәліметтермен хабардар етті.

Нәтижесінде ұжым бастауыш кәсіподақ ұйымын құрып, кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Қол күрестен Әлем чемпионы Сарыбай Ердаулет Асанұлын сайлап, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамына кәсіподақ мүшелігіне кірді.