«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі   саясат басқармасы» КММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-де   бастапқы кәсіподақ ұйымы құрылды

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-де бастапқы кәсіподақ ұйымы құрылды

12.01.2026 Off By Администрация сайта

2026 жылғы 9 қаңтарда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-де еңбек ұжымымен бастапқы кәсіподақ ұйымын құру және оның қызметін ұйымдастыру мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Жиналыс барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Т.Т. Әбілмәжінов мекеме қызметкерлерін кәсіподақтың қызметімен, оның негізгі жұмыс бағыттарымен жан-жақты таныстырып, кәсіподақ мүшелігінің артықшылықтарын түсіндірді. Әсіресе қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ ұжымда тиімді әлеуметтік диалогты қамтамасыз етудегі бастапқы кәсіподақ ұйымының рөліне ерекше назар аударды. Іс-шара аясында бастапқы кәсіподақ ұйымын құру және оның әрі қарай жұмыс істеу мәселелері қарастырылып, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді, сонымен қатар кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысудың маңыздылығы атап өтті.

Кездесуге бұдан бөлек «СҚО Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Е. Нұрақаев қатысып, ұйымдағы кәсіподақ қозғалысын дамыту бастамасын қолдап, кәсіподақтардың еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу, сондай-ақ еңбек заңнамасының нормаларын сақтау мәселелеріндегі маңызын атап өтті.
Іс-шара соңында Е.Е. Нұрақаев мекеме басшысы К.Қ. Оспановқа «КӘСІПОДАҚТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНА 120 ЖЫЛ» мерейтойлық медалін табыстады.

Отырыс іскерлік әрі достық жағдайда өтіп, өңірдегі әлеуметтік әріптестікті және кәсіподақ қозғалысын нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Жиын қорытындысы бойынша мекемеде бастапқы кәсіподақ ұйымы құрылып, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде Ә.Б. Тоқпанды таныстырып, кәсіподақ қызметі қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетігіне айналып, ұжымда қолайлы еңбек ахуалын қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.