Мемлекеттік мекемелер кәсіподағы мүшелерінің қатары артып келеді
08.01.2026«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелерімен кездесу өткізіп, жиын қорытындысымен аталған мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы қатарын толықтырды.

Мекемеде сексенге жуық қызметкерлер жұмыс жасайды және олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.
Меменің директоры Нұрбол Нұрғалиұлы Алтаев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылхан Өлмесханұлы Тасыбеков және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың арасында өзара қарым-қатынастар жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған келісім-шарт жасалды.

