Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрдің артисттерін кәсіби аттестациялау
22.12.2025Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттауды өткізу ережелері мен шарттары аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артистерінің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында аттестациялық комиссияның отырысы өтті.

Аттестациялық комиссия құрамына мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкерлері, салаға танымал мамандар және мемлекеттік, кәсіби наградалардың иелерімен бірге, Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет саласы қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподақ Алматы қаласы бойынша төрайымы Данагүл Айнакулова мүшелік етті. Кәсіподақ төрайымының комиссия құрамына енуі қызметкерлердің мүдделерін ескерудің маңызды екенін және оның кәсіби беделін көрсетеді.
Аттестация барысында қызметкерлердің кәсіби деңгейі, музыкалық шеберлігі, ансамбльдік ойын үйлесімділігі және концерттік дайындығы жан-жақты бағаланды. Аттестация нәтижелері артисттердің әрі қарай кәсіби өсу бағыттарын анықтауға, шығармашылық қызмет сапасын арттыру және оркестрдің әлеуетін нығайту бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.



