Азаматтық қорғау саласындағы салалық кеңес отырысы өтті

Азаматтық қорғау саласындағы салалық кеңес отырысы өтті

22.12.2025 Off By Администрация сайта

2025 жылғы 18 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты азаматтық қорғау саласындағы кәсіби біліктіліктер жөніндегі Салалық кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына «Қызмет» салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиал төрайымы Айнақұлова Данагүл қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға белсенді атсалысты. Ол азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің мүдделерін ескеру, кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қалыптастыру кезінде еңбек адамдарының пікірін назарда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында:
​•​азаматтық қорғау саласындағы Салалық біліктілік шеңберін бекіту;
​•​азаматтық қорғау саласына жататын кәсіптер тізбесін өзектендіру және олар бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеу;
​•​2026 жылға арналған азаматтық қорғау саласындағы кәсіби біліктіліктер жөніндегі Салалық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.

Талқылау барысында Айнақұлова Данагүл кәсіби біліктілік жүйесін дамыту әлеуметтік қорғалуды арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сала мамандарының кәсіби дамуына нақты ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылып, азаматтық қорғау саласындағы кәсіби біліктіліктер жүйесін жетілдіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.