Әкім аппараты мен «Қызмет» ҚБ арасындағы ынтымақтастық бекітілді

Әкім аппараты мен «Қызмет» ҚБ арасындағы ынтымақтастық бекітілді

18.12.2025 Off By Администрация сайта

12 желтоқсан күні– Алашорда құрылған тарихи күн. Осы атаулы күнге орай Семей қаласы әкімі аппараты мен «Абай облысы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Қызмет» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық келісіміне қол қою рәсімі өтті.

Іс-шара барысында тараптар әлеуметтік әріптестікті нығайту, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту бағытында өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін атап өтті.

Алдағы уақытта қала әкімдігі мен кәсіподақ ұйымы тығыз байланыста жұмыс істеп, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесе қызмет атқаратын болады.