Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
22.12.2025Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл – біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Шардара аудандық комитеттің төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Аудан әкімінің орынбасары Каратунов Еркебұлан Абдугафурұлы ауданымыздың бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттады. «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы К. А. Есебаеваның «Еңбек озаты» төс белгісімен және Құрмет Грамотасымен кәсіподақ мүшелері марапатталды.
Барша қазақ жұртына мықты денсаулық, әрбір отбасыға бақыт, сәттілік пен жетістік тілеймін!
Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін!

