22 желтоқсан – Архив қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
22.12.2025Архив – мемлекетіміздің, ата-бабаларымыздың өткен өмірі, шежіресі, әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, өнер мен мәдениеті, дипломатиялық қарым –қатынастар, қоғамның саяси – әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталатын – алтын қазына.

Архив қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтауға арнайы барған «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы К.А.Есебаева кәсіподақ мүшелеріне алғысын білдіріп, Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін Камшат Қиятқызы Тасыбековаға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің Құрмет Грамотасын табыстады. Р.Т.Арипбаева, У.А. Сыбанкулова, Б.Р.Мусаева, Л.А.Тайжанова Түркістан облыстық филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен марапатталды.

Түркістан облысы Мемлекеттік архивінің басшысы Айдын Кеңесбайқызы Исатаева 99 жылдық тарихы бар облыстық архивтің тыныс- тіршілігімен, алдағы атқарылар жұмыстарымен таныстырды.
Мекеменің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Айжан Пердалықызы Өтелбаева кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстары туралы баяндады.
Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер!

