Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді
17.12.2025«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қалжайдайымен танысты.

Жиын қортындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен мекеменің басшысы Айдар Бұралқиев ұжым мүшелерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге филиалдың «Еңбек озаты» төсбелгісін, «Құрмет грамотасын», «Алғыс хатын» және мекеме мен салалық басқарманың «Алғыс хаттарын» табыстады.




