Әлеуметтік орталықтың жұмысшылары марапатталды
17.12.2025Жоспарға сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесуге мекеменің кәсіподақ мүшелері толығымен қатысты.
Орталықта 150-ге жуық кәсіподақ мүшелері бар, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін кадр қызметкері Абуова Клара қоғамдық негізде атқарып келеді.
Жиын қорытындысында әлеуметтік орталық басшысының орынбасары Асқар Усенбаев және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекеменің жұмысшыларын «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ филиалдың «Алғыс хаттарын» табыстады.

Салтанатты жиын соңы мәдениет саласының қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

