Құрметке лайық!
10.12.2025Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, кәсіподақ мүшесі Баймаханова Гүлнара Бұрханқызы зейнеткерлік жасқа келуіне орай «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева құттықтап, өңіріміздің экономикасының дамуына, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына, бірлігінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Еңбек озаты» медалін табыстады.

Гүлнара Бұрханқызы еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облысы қаржы басқармасының ауыл шаруашылығы кешенін қаржыландыру бөлімінің аға экономисі болып бастады. 1989-1998 жылдары-Қызылорда облысы қаржы басқармасы әлеуметтік қорғау бөлімінің І санатты экономисі, бас экономисі, 1999-2005 жылдары-Қызылорда облысы қаржы басқармасының бюджет бөлімі секторының басшысы, 2005 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ басшысы қызметін атқарып келеді.
Қаржы саласында 40 жылға жуық атқарған адал еңбегінің арқасында «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» т.б. мерекелік медалдармен, Облыс, қала әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алғыс хаттарымен, грамоталармен марапатталған.
Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі 30 жылдан аса «Қызмет» салалық кәсіподақтың құрамындағы ынтымағы жарасқан бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, Гүлнара Баймаханова үздік әлеуметтік әріптесіміздің бірі.

