Басты назарда: бастауыш кәсіподақ ұйымы

Басты назарда: бастауыш кәсіподақ ұйымы

04.12.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай бастауыш ұйым» шаралары аясында “Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызметкерлердің салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиал төрайымы Данагүл Айнақұлова «Қамқор» әлеуметтік үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен қосымша келісімге қол қойды. Құжат қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік кепілдіктерін одан әрі бекітуге бағытталған.
Ұжымдық келісім шарт — ұйымдағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құралдардың бірі. Ол еңбекақы мөлшерін, әлеуметтік жеңілдіктерді, еңбек қауіпсіздігі мәселелерін, кепілдіктер мен өтемақыларды, сондай-ақ еңбек дауларын шешу механизмдерін нақтылайды.

Қосымша келісімге қол қою қолданыстағы нормаларды толықтыруға немесе кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қызметкерлерді қорғауды күшейтеді және ұжымдағы тұрақтылықты арттырады. «Қызмет» кәсіподағы үшін бұл әрбір қызметкердің құқығын қамтамасыз етудің, сенімді және қауіпсіз еңбек жағдайларын құрудың маңызды бөлігі болып табылады.
Кездесу барысында Данагүл Айнақұлова «Қызмет» салалық кәсіподағы бастауыш ұйымдарға , әсіресе әлеуметтік қызмет көрсететін ұжымдарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті. Қосымша келісімге қол қою — сенім, әріптестік және әлеуметтік диалогты нығайтудың тағы бір қадамы.
Кәсіподақ әрі қарай да еңбек жағдайларын жетілдіру, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту және әрбір кәсіподақ мүшесінің мүддесін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.
Анықтама: «Қамқор» әлеуметтік үйі — жалғыз қалған қарттарға және өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсететін арнайы мекеме. Ұйым тұрғындарға тұрмыстық жағдай, күтім, медициналық бақылау және әлеуметтік қолдау қамтамасыз етеді.
«Қамқор» қызметкерлерінің жұмысы — күнделікті қамқорлық, жауапкершілік және жоғары кәсіби деңгейді қажет етеді. Осындай ұжымдарға кәсіподақ тарапынан қолдау көрсету ерекше маңызды, өйткені оларға сенім артылған адамдар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастырады.