«Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
12.11.20252025 жылғы 12 қарашада мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына Орталық кеңес мүшелері, облыстық филиалдардың және салалық кәсіподақ аппаратының төрағалары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес келесі маңызды мәселелер қаралды:
«Қызмет» салалық кәсіподағы филиалы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Кәсіподақ активі мен мүшелерін марапаттау;
Салықтық есеп және есеп саясатын бекіту;
Ақпараттық жұмысты жүргізу және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер.

Отырысты ашқан Салалық кәсіподақтың төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларды қарсы алып, талқылауға шығарылған мәселелердің кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіруде маңызы зор екенін атап өтті.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, шешімдер бірауыздан мақұлданды.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезінің шешіміне сәйкес, «Қызмет» салалық кәсіподағына Федерацияның Бас кеңесінде қосымша өкілдік квотасы берілді. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Әбілмәжінов Темірғали Текебасұлы Федерацияның Бас кеңесінің мүшелігіне кандидат ретінде бекітілді.
Сонымен қатар Мирболат Жақыпов Орталық кеңес мүшелеріне Атырау облыстық филиалының жаңадан сайланған төрайымы — Шакирова Гүлмира Мұслимқызын таныстырды.
Күн тәртібіне сәйкес салалық кәсіподақтың салықтық есеп және есеп саясатын бекіту мәселесі тыңдалды.
Отырыста ақпараттық саясатқа ерекше назар аударылды. «Қызмет» салалық кәсіподағының ақпараттық бағыттағы қызметі қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақ қозғалысын нығайту мен дамыту, сондай-ақ оның қоғамдағы рөлін және беделін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері кәсіподақтың сайтында 274 материал жарияланған, оның ішінде 161 — мемлекеттік тілде, 113 — орыс тілінде. Сайт іске қосылғаннан бергі жалпы жарияланым саны 2 226-ға жетті. Салыстырмалы түрде алғанда, 2020 жылы бар-жоғы 112 материал жарияланған болатын, бұл ақпараттық белсенділіктің және жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігінің шамамен 19 есеге артқанын көрсетеді.
Отырысқа қатысушылар кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстары мен ұсынымдарын білдірді.
Отырыс соңында Мирболат Жақыпов Орталық кеңес мүшелеріне белсенді және конструктивті жұмыстары үшін алғыс айтып, қабылданған барлық шешімдердің сапалы әрі уақтылы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

