Республика күні меркесінде – еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Республика күні меркесінде – еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

30.10.2025 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кәсіподақ орталығында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ел дамуына адал еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін марапаттау, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және кәсіподақ қозғалысының бірлік пен тұрақтылық жолындағы рөлін айқындау болды.
Жиынға қаладағы мемлекеттік мекемелердің басшылары, кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен төрайымдары, сондай-ақ түрлі салаларда абыройлы қызмет атқарып жүрген еңбек озаттары қатысты.
Салтанатты іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімінің, Шымкент қалалық мәслихатының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және «Қызмет» салалық кәсіподағының марапаттары табыс етілді.

Марапаттарды «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов табыс етті.
Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен»:

  • Абуова Клара Жақыпбекқызы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадр инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
  • Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы – Шымкент қаласының «Алтын балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы марапатталды.
    Шымкент қалалық мәслихатының «Алғыс хатымен»:
  • Абдинуров Малик Куттымбетович – Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары, кәсіподақ мүшесі;
  • Смаилова Айгерім Ерболовна – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы марапатталды.
    Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Алғыс хатымен»:
  • Усенбаев Асқар Амантаевич – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары, қалалық кеңес мүшесі;
  • Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы – Шымкент қаласының «Алтын балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы марапатталды.
    «Қызмет» салалық кәсіподағының арнайы марапаттары:
  • «Кәсіподақ қайраткері» медалімен – Смаилова Айгерім Ерболовна;
  • «Әлеуметтік саланың үздігі» медалімен – Молдабекова Гулнур Орынбасаровна;
  • «Құрмет грамоталарымен»: Еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары Алиханов Бекболат Нургалиевич және Дін істері басқармасының кадр қызметкері Шукен Карлыгаш Турсыновна;
  • «Алғыс хаттарымен»: «Мемлекеттік архив» мекемесінің бас бухгалтері Байтулешева Камиля Ералыевна, Туристік орталықтың бөлім басшысы Абдырахманова Сәния Бахтиярқызы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы марапатталды.
    «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерімен:
  • Мінуар Қуаныш Нұрланұлы – «Абай ауданы әкімі аппараты» ММ мәдениет, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
  • Полатов Рустам Октамович – «Абай ауданы әкімі аппараты» ММ мәдениет, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы;
  • Шабиддинов Мирзахан Шерханович – Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
  • Абдинуров Малик Куттымбетович – Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
  • Әлшері Бақдәулет Табысұлы – Еңбекші ауданы әкім аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
  • Асқаров Жандос Ниязбекұлы – Шымкент қаласы қаржы басқармасының экономика және инвестицияны дамыту бөлімінің басшысы;
  • Абуова Клара Жақыпбекқызы – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадр инспекторы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
  • Керімбекова Гүлжан Құралбайқызы – «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының есепшісі;
  • Балабекова Асель Маратовна – №9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
  • Смаилова Айгерим Ерболовна – «Шымкент-Цирк» МКҚК әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
  • Маниева Гаухар Мухтаровна – Қаратау ауданы әкімі аппаратының әкімшілік бөлімінің басшысы, кәсіподақ ұйымдастырушысы;
  • Жиенбаева Айнұр Айтбайқызы – «Алтын балапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі;
  • Джамашева Меруерт Савутбековна – «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің» әдіскері;
  • Алдиярова Айгерім Хамитбековна – Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының әдіскері;
  • Абдырахманова Сәния Бахтиярқызы – «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының әкімшілік бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
  • Үмбет Еркінжан Бейбітұлы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» КММ-сі басшысының орынбасары;
  • Турлыбекова Шолпан Муратовна – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бас есепшісі;
  • Әлжан Аружан Русланқызы – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары;
  • Бейсен Мұхтар Ибатбекұлы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» КММ-нің қойма меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы марапатталды.
    «Құрмет грамотасымен»:
  • Абдраймова Динара Алжановна – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгер-кеңесшісі;
    «Алғыс хаттармен»:
  • Серікбай Қуаныш Бауржанұлы – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы;
  • Әлім Арайлым Ерланқызы – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы;
  • Сайдахан Жібек – Шымкент қаласының жастар ісі және ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы;
    Марапат иегерлеріне жылы лебіздер айтылып, олардың адал еңбегі мен азаматтық ұстанымы жастарға үлгі екені атап өтілді.
    «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы еңбек адамын дәріптеу, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және салалық кәсіподақ қозғалысының беделін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
    Іс-шарада марапатталғандар – өз ісінің нағыз шеберлері, қоғамның рухани және кәсіби тірегі.
    Осындай адал еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген кәсіподақ мүшелері – еліміздің нағыз еңбек майталмандары.