Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

31.10.2025 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «25 қазан – Республика күні» мерекесін және «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін атап өтіп, мекеменің қызметкерлеріне салтанатты түрде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградалары табысталды.

Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгісімен мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Салыбекова Мақпал Жақыпбекқызы;
  • «Құрмет грамоталарымен» тәрбиеші Ібінова Сәния Ұлықбекқызы, кір жуушы Досанова Айнұр Шертайқызы және санитар тазалаушы Малаева Хадиша;
  • «Алғыс хаттармен» еңбек нұсқаушысы Тәжібаева Мақпал Ахансеріқызы, дефектолог Досбергенова Балнұр Сабыркелдіқызы, дене шынықтыру мұғалімі Бекбауов Сейілхан Захытханұлы және палата санитары Пірмұхамедова Саодат Пернебайқызы марапатталды.