Ақмола облысында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтті
30.10.2025Бүгін Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында әлеуметтік салада көп жыл бойы абыройлы еңбек етіп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқан бірқатар мамандарға Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Б. Әмренова құттықтау сөз сөйлеп, Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Боранбай Бегалин әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, Б.Бегалин әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға қосқан еңбегі үшін «Елеулі еңбек үшін» медалімен және Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Іс-шара соңында облыстың медициналық-әлеуметтік көмек көрсету орталықтары қызметкерлерінің күшімен дайындалған көркем концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерт қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін аша түсті.

