Әлеуметтік саланың жұмысшылары марапатталды

Әлеуметтік саланың жұмысшылары марапатталды

01.09.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, кәсіподақ мүшелерін «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға салтанатты түрде кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:

  • «Еңбек озаты» төсбелгілерімен медбике Телікбаева Айнұр және еңбек нұсқаушысы Жорабекова Үрзия;
  • «Құрмет грамоталарымен» невропатолог Тұрғынбаев Дәулет, медбике Байжанова Роза және тәрбиеші Енжанова Мафуруза;
  • «Алғыс хаттармен» педиатор Ескараева Гульвира, дене шынықтырушы нұсқаушысы Әмір Әзімхан, еңбек нұсқаушысы Сүлейменова Майра және дефектолог Байсан Майра марапатталды.