«Қалың қалай, бастауыш ұйым» және «Мектепке жол» акциялары аясында өткен кездесу

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» және «Мектепке жол» акциялары аясында өткен кездесу

01.09.2025 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» және «Мектепке жол» акциялары аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қатысып, мекеменің басшысы Кегенхан Базарханұлы Атамқұлов және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибатбекұлы Бейсен бірге жұмыскерлердің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары, еңбек және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіподақтар қызметінің жұмыстарнан хабардар етілді.
Жиын қорытындысында мекеменің басшысы Кегенхан Базарханұлы мен салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Елемесұлы жұмыскерлерді Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға Абай ауданы әкімінің, Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының «Алғыс хаттарын» және қалалық к»сіподақ филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» мен «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде тапсырды.
Сонымен бірге дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында мекеме жұмыскерлерінің мектепке баратын 120 оқушы балаларына арналған арнайы оқу құрал-жабдықтары жұмысшы ата-аналарға табысталды.